Павлодар облысында жолда қалған 35 адамға көмек көрсетілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Омбы-Майқапшағай тас жолында Higer маркалы автобустың жолаушыларына көмек көрсетілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі мәлім етті.

«Кезекшілік бөліміне 16 ақпан күні сағат түнгі бір жарымда Тереңкөл ауылының жанында көліктің істен шыққаны туралы хабарлама түсті», - дейді департаментте.

ТЖД басқармасынан екі адам мен бір техниканың көмегімен 30 жолаушы № 2 жалпы орта білім беру мектебінде орналасқан жылыту пунктіне жеткізілді. Павлодар - Омбы бағытында жолға шыққандардың ішінде Ресей елінің азаматтары мен екі бала болған. Олар сағат 16.35-те қосымша автобуспен сапарды жалғастырды.

Бұдан басқа, 17 ақпан күні Баянауыл ауданы Жосалы ауылының жанында облыстық ТЖД қызметкерлерінің көмегімен қар құрсауынан бес жолаушы отырған жеңіл көлік шығарылды. Екі жағдайда да адамдардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.

Соңғы жаңалықтар