+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Павлодар облысында жолаушылар толы автобус өртенді

2021 жылғы 8 сәуір 12:03
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында жолаушылар толы автобус өртенді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жолаушылар толы автобус өртенді. Оқиға орнында Павлодар қаласы ТЖБ және өрт зертханасы жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Семейдегі өрт бір адамның өмірін қиып кетті Қызылордада өртенген пәтерден жеті адам құтқарылды Семейде құтқарушылар отқа оранған үйден 2 газ баллонын алып шықты

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар – Ленин кенті тас жолында № 38 маркалы МАЗ автобусынан өрт шыққан.

- Көлік № 1 автобус паркіне тиесілі. Жалын 15 шаршы метр алаңды қамтыған. Өрт туралы хабарлама сағат 08.49-да тіркеліп, сағат 09.07-де толықтай сөндірілді, - дейді ведомствода.

Көлікте болған 40 адам өздігінен сыртқа шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Өртті сөндіруге АҚЖ және өрт сөндіру қызметінен екі техника мен тоғыз адам жұмылдырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT