Павлодар облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар – Қызылорда тасжолында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам мерт болды. Одан бөлек 2 зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 6 сәуір күні сағат 16:45-те Екібастұз қаласынан 20 шақырым жерде болды.

«Павлодар- Қызылорда тасжолының 1279-шы шақырымында 32 жастағы Chevrolet Cobalt маркалы автомобильдің жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлікке соғылып, аударылды. Апат салдарынан көліктегі 1966, 1976 және 2008 жылы туған жолаушылар сол жерде қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, жарақат алған көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабының 4 тармағына сәйкес соталды тергеу шарасы жүріп жатыр», - дейді аталған ведомстводан.

Осыған дейін Павлодар облысында Ресей азаматтығын алған зейнеткер елден қуылғаны хабарланған болатын.



Соңғы жаңалықтар