Павлодар облысында жібекқұрттар жаулаған аумақ ұлғайып жатыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өңірде сыңар жібек құрттар қаптаған аумақ 26,5 мың гектарға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар блыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, жібекқұрттар Аққулы, Павлодар, Тереңкөл, Ертіс, Железин аудандарында анықталған. Ең көбі Железин (14 328 га) мен Тереңкөл (11 164 га) аудандарында байқалды.

«Қазіргі уақытта орман күзетімен орман ағаштарына мониторинг жасалды. Материалдар республикалық орман селекциялық-тұқым орталығына жіберілді. Орманның осы зиянкестерімен күресу үшін қандай шаралар қолдану керектігін анықтау және республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемін белгілеу үшін орман патологы маманымен учаскелерді зерттеу жұмыстары жоспарлануда, - деді басқармадан.

Орман патологы қазір «Ертіс орманы» резерватында. Ол құрттың түрін анықтап, жоғарыда аталған зерттеулерді жүргізеді.

«Өткен жылы жібекқұрттар болды. Бірақ олар өздігінен жойылды. Былтыр жұлдызды шыбын тоқымашы басым болды. Сондықтан биылғы бюджеттен тек «Ертіс орманына» ғана қаржы бөлінді. Өйткені ол жерде таспа шоққарағай сияқты ерекше ағаштар бар«, - деді басқармадан.

Ормандағы санитарлық ережелерге сәйкес орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошақтары 1000 гектардан астам мемлекеттік орман қорының аумағында таралған жағдайда оларды жою жөніндегі іс-шараларды орман шаруашылығының мамандандырылған ұйымы ұйымдастырады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен орманның зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар