Павлодар облысында жергілікті полиция басшылары тағайындалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық ІІД-нің бастығы, полицияның генерал-майоры Марат Қожаев ішкі істер органдарының басқарушы құрамына аймақтағы қалалар мен аудандардың жергілікті полиция қызметінің басшыларын таныстырды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Облыстық ІІД бастығының бұйрығымен, жергілікті полицияның қайта құрылған бөлімшелерін Павлодарда - полиция подполковнигі Жасқайрат Қайыров, Екібастұзда - полицияның подполковнигі Елнұр Бұқаев, Ақсуда - полиция капитаны Нұрлан Құсманов басқарды.

Сондай-ақ облыстың барлық 10 ауданында жергілікті полицияның басшылары тағайындалған.

Полиция ведомствосының басшысы әріптестеріне жемісті жұмыс пен жоғары көрсеткіштерге жетулеріне тілектестік білдірді.

Соңғы жаңалықтар