Павлодар облысында жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы құрылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы құрылды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы кеңейтілген отырыс барысында жаңа ведомствоның басшысын таныстырды. Басқарма басшысы болып осы уақытқа дейін Павлодар қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымында болған Сейітжан Жұмашев тағайындалды.

- Жаңадан құрылған басқарма алдында жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, бұзушылықтарды анықтау және жою, жер телімдерін пайдалану тәртібін сақтауды, жер кадастры мен жерге орналастыруды жүргізу ережесінің сақталуын қамтамасыз ету міндеті тұр. Басқарма жер қорларын тиімсіз пайдалану фактілері бойынша жерлерді қорғау ісін мемлекеттік тұрғыдан бақылауды күшейтуі керек,-деп мәлімдеді облыс әкімі Болат Бақауов.

Сонымен қатар, аймақ басшысы облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жаңа басшысын - Мақсат Тұрлыбаевты таныстырды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеген. Әкім жаңа басшысы тағайындалған басқарма 2017-2019 жылдарға арналған үшжылдық бюджет мәселесімен айналысуы керектігін, сондай-ақ бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға баса назар аудару керектігін атап айтты.

 

Соңғы жаңалықтар