Павлодар облысында жер телімдері электрондық саудаға шығарылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Алғаш рет Павлодар облысында жер телімдері электрондық саудаға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында жер телімдері gosreestr.kz порталында электрондық саудаға қойылды. «Осы күні онлайн сауда Павлодар, Железин, Успен аудандары мен Екібастұз қаласының жер қатынастары бөлімдерінде жүргізілді. Нәтижесінде 20 тамыздан бастап жалпы ауданы 35 гектардан асатын 6 жер учаскесі пайдалануға берілді. Олардың барлығы кәсіпкерлік қызмет жүргізуге – негізінен дүкендер, қоймалар және басқа да коммерциялық нысандар салуға арналған», делінген хабарламада.
Электрондық сауда-саттық қатысушыларға жер телімін алу үшін тең мүмкіндік береді. Портал арқылы онлайн төлем жасап, кепілдік жарнаны қайтаруға болады, сонымен қатар операциялық шығынды мейлінше аз болуын қамтамасыз етіп, адами факторды болдырмай, жеңімпазды автоматты түрде анықтайды.
Аукциондар өткізудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін олар туралы сауда-саттық өткізілгенге дейін 15 күн бұрын БАҚ-та, жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында, мемлекеттік мүлік порталында, сондай-ақ әлеуметтік желідегі парақшада жарияланады.


Соңғы жаңалықтар