Павлодар облысында жедел жәрдем фельдшері коронавирус жұқтырды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 10 сәуір сағат 20.15-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус індетіне шалдыққан тағы 6 адам анықталды. Оның ішінде Павлодар облысында – 1 адам.

Павлодар облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, инфекцияны жұқтырған азамат 24 жаста. Ол облыс орталығында жедел жәрдем станциясының фельдшері болып жұмыс істейді.

«Ол коронавирус инфекциясынан қаза болған адаммен байланыс жасаған. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, температура мен шағымдары жоқ. Онымен байланыста болған 88 тұлға анықталды. Барлығы оқшауландырылды», - делінген ақпаратта.

Соңғы мәлімет бойынша, Павлодар облысында коронавирус жалпы 4 адамнан анықталды. Барлық өңірдегі науқастар саны - 808.


Соңғы жаңалықтар