Павлодар облысында жаз айларында 6 адам суға батып көз жұмды

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында су айдындарының жанында 40 демалыс орны жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингіде Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, майор Теміржан Танжанов мәлім етті.

Оның айтуынша, су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр.

«Бүгінгі күні 700-ден астам рейд өткізілген. 20 мыңнан астам жадынама таратылып, суға түсуге тыйым салатын 63 белгі орнатылды», - деп атап өтті Теміржан Ермекұлы.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы Павлодар облысының су айдындарында 6 адам суға кеткен. Оның біреуі - бала.

Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі - жабдықталмаған жерде шомылу.


Соңғы жаңалықтар