Павлодар облысында жасырын ойын клубы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар облысында покер ойнайтын жасырын клуб анықталып, ұйымдастырушыларға қатысты тергеу басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті «Покер« құмар ойынына арналған астыртын клубты заңсыз ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мекемеде ойыншылар, қызмет көрсетуші персонал, сондай-ақ ойын карталары, фишкалар және ойынның басқа да атрибуттары табылып, тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де ақпараты ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген ресми хабарламада.






Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар