USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Павлодар облысында үйінен кетіп қалған оқушы шөп жинайтын қорадан табылды

2021 жылғы 26 қазан 13:24
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында үйінен кетіп қалған оқушы шөп жинайтын қорадан табылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында жетінші сынып оқушысы үйінен кетіп, қайтып оралмаған. Ол араға бес сағат салып, өз үйінің ауласындағы шөп қорадан аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше шамамен сағат 16:00-де Малиновка орта мектебінің 7 сынып оқушысы үйінен кетіп, сол күйі оралмаған», - деп жазды Павлодар облысы Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылы мен Малиновка ауылы тұрғындарының атсалысуы арқасында бала сол күні сағат 22:50-де өз үйінің ауласындағы шөп қорадан дін аман табылған.

Баланы медициналық қызметкерлер тексеріп шықты, деп нақтылады аудан әкімі.

«Іздеу жұмыстарына атсалысқандардың барлығына алғысымды білдіремін. Құрметті жерлестер, өз балаларыңызға абай болыңыз», - деп жазды Ә. Әбеуов.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT