Павлодар облысында ұстаздар қашықтан жұмыс форматына көшірілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында төтенше жағдай режимі кезеңінде балабақшалар мен үйірмелердің жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты 1-11 сынып аралығындағы мектеп оқушыларының демалысы 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Колледж студенттері үшін – 24 қаңтарға дейін», - деп мәлім етті Павлодар облыстық Білім басқармасынан.

Мектепке дейінгі мекемелер (балабақшалар, шағын орталықтар) 10 қаңтар күні жұмыстарына кіріседі.

«Білім беру мекемелерінің қызметкерлері Төтенше жағдай режимі кезеңінде қашықтан жұмыс форматына көшірілді. Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін ата-аналар мен олардың заңды тұлғалары жауапты», - деді басқармадан.


Соңғы жаңалықтар