Павлодар облысында үш көлік соқтығысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысында үш автокөлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жасау барысында күре жолда жол-көлік оқиғасы түсірілген жарияланым анықталған. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері 22 желтоқсан күні сағат 16:30 шамасында «Volvo» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі «Омбы-Қызылорда» тас жолында, Төрт құдық ауылының маңында «Hyundai Creta» көлігімен соқтығысқанын анықтады.

Соқтығысудан кейін «Hyundai Creta» қозғалыс траекториясын өзгертіп, «Daf Fas XF»көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш көлік құралы механикалық зақым алып, абырой болғанда, жүргізушілері мен жолаушылары дене жарақаттарын алған жоқ. Полицейлер жол апатынан болған көлік кептелісін таратты.

Аталған фактімен «Volvo» көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 610-бабымен әкімшілік өндіріс қозғалды.

Полиция департаменті ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты алыс жолға шықпай, ауа райы туралы хабарламаларға назар аударуға кеңес етеді.


Соңғы жаңалықтар