+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Павлодар облысында үш ауысымды, апаттық мектептер жоқ - Болат Бақауов

2019 жылғы 14 қараша 13:46
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында үш ауысымды, апаттық мектептер жоқ - Болат Бақауов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдегі білім көрсеткіштері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Мирас» халықаралық мектебінің 20 жылдығы аталып өтті Сағынтаев Алматы мектептеріндегі орын тапшылығын қалай реттейтінін айтып берді Білім министрі 2 352 мектептің ауласындағы дәретханаларды жабуды ұсынды

«Білім саласында көпбалалы және жағдайы нашар отбасы балаларына қолдау көрсетіледі. Оларға тегін жол жүру билеті беріледі, балабақшаға тегін қабылданады. Өңірде 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамтамасыз еттік. Бұл көрсеткіш бірнеше жылдан бері сақталып келеді», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде 2019 жылдың 10 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, өңірдегі 1 жастан асқан балаларды қамту көрсеткіші 80,1% құрайды. Республика бойынша орташа көрсеткіш 77,1% құраса, бұл өте жақсы нәтиже.

«Облыста үш ауысымды немесе апаттық жағдайдағы мектеп атымен жоқ. Білім беру сапасын жақсарту үшін оқыту ұйымдарының желісі кеңеюде. Екібастұз қаласындағы Солнечный ауылында 420 орындық мектеп құрылысы аяқталды. Павлодар қаласында тағы 2 мектеп құрылысы басталды. Биыл көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз еттік. Ал қаңтар айынан бастап, 1-4 сынып аралығындағы барлық оқушылар тегін ыстық тамақ ішетін болады. Бұл - шамамен бастауыш сыныптағы 51 мың бала», - деді әкім.

Сонымен бірге, Б. Бақауов студенттерді жатақханамен қамту шаралары жөнінде айтып берді.

«Павлодар педагогикалық университеті базасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 167 адамға арналған жатақхана салынды. Тағы 2 жатақхана Павлодар мен Ақсу студенттері үшін жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Олардың әрқайсысында 200 орын бар. Келесі жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Павлодар педагогикалық университеті жанынан 500 орындық жатақхана ашылады», - деп өз сөзін түйіндеді Болат Бақауов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT