Павлодар облысында түтін исі тұрғындарды алаңдатып отыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Соңғы екі күн бойы өңірді ыстың иісі бар түтін басты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда аймақта техногенді апаттар, қалдықтар мен табиғи өрттер тіркелмеген.

«Ресей БАҚ мәліметтеріне сәйкес, тұман тәрізді түтін Солтүстік Сібірді де басқан. Шығыстан соққан жел түтінді Хакасия Республикасы, Алтай өлкесі, Кемер, Новосібір, Омбы және Томск облыстарына Краснояр өлкесінің Эвенкийск ауданынан таратуда. Ол жақта табиғи өрт тіркелген», - дейді департаментте. Синоптиктердің болжамынша, желдің бағыты ауысқан жағдайда 2-3 күннің ішінде жағдай тұрақталады.

Соңғы жаңалықтар