Павлодар облысында түнде жүріп-тұруға рұқсат қағазы кімдерге беріледі

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында сағат 23.00-ден 07.00-ге дейін коменданттық сағат белгіленді. Бұл уақытта қала көшелерінде күштік құрылымдардың, апаттық қызметтер мен арнайы рұқсат қағазын алған мекемелердің көліктері ғана жүре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының коменданты қол қойған арнайы рұқсат қағазы төтенше жағдай режимі кезеңіне құрылған шұғыл әрекет ету орталығында беріледі.

«Рұқсат құжатын жұмыстар қаланың азық-түлік қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз етумен байланысты болған жағдайда, апару, жеткізу үшін беріледі. Өнімдерді жеткізумен айналысатындардың барлығына – наубайшыларға, сүт өндірушілерге арнайы рұқсат беріліп қойды», - деді шұғыл штабтан.

Коменданттық сағат кезінде қала бойынша күштік құрылымдар, жедел жәрдем, Төтенше жағдайлар департаменті және апаттық қызметтердің көліктеріне ғана жүре алады. Шұғыл штабтан мәлім еткендей, жолаушы тасымалымен айналысатын такси қызметтеріне рұқсат қағаздары берілмейді. Олар сағат 23.00-ге дейін жұмыстарын аяқтауы қажет.

Айта кетейік, рұқсат қағазы өзімен жеке бас құжаттарын және жұмыс орнынан анықтаманы алып жүрмеуге болады дегенді білдірмейді. Полицейлер мен билік өкілдерінің талабы бойынша бұл құжаттар дереу ұсынылуы тиіс. Сондай-ақ рұқсаты бар көлік ішінде отырған жолаушылар да құжаттарын көрсетуі қажет.


Соңғы жаңалықтар