Павлодар облысында түнде жүрген 63 жасөспірім ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында түнде жүрген 63 жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жаңа жылдан бастап кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар ҚР ӘҚБК 442-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруіне қатысты 63 әкімшілік іс қозғаған.

«Түнде Лермонтов көшесінде орналасқан компьютер клубында 2003 жылғы жасөспірім болған. Сол түні Торайғыров көшесінде орналасқан дәмханада екі кәмелетке толмаған бала жүрген. Тексеру барысында құқық бұзушылардың ата-аналары Тереңкөл ауданында екені анықталды. Сондықтан олар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды», - деді департамент баспасөз қызметі.

Аталған фактілерге байланысты жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ал көңіл көтеру орындарының иелеріне қатысты ҚР ӘҚБК 132-бабы бойынша әкімшілік материал қозғалды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері түнде Павлодар қаласындағы Қамзин көшесіндегі үйдің жанында жүрген тағы бір жасөспірімді ұстаған.



Соңғы жаңалықтар