Павлодар облысында теміржол бойында ер адам тоққа соғылып көз жұмды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Электр монтері болып жұмыс істеген ер адам тоққа соғылып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 мамыр күні полицияға сағат 09:50-де полицияға Железин ауданындағы теміржол жол бойында, Веселая роза ауылынан үш шақырым жерде ер адамның мүрдесі табылғаны туралы ақпарат келіп түскен», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Электр монтері болып жұмыс істеген ер адам кернеуі жоғары желіде жұмыс орындау кезінде тоқ түскен. Оқиғаға куәгер болғандар бар.

Аталған фактімен тексеру жұмыстары мен сот-медициналық сараптама белгіленген.


Соңғы жаңалықтар