Павлодар облысында тас жолда екі жүк көлігі соқтығысты: зардап шеккендер бар

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар-Ақсу тасжолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан 36 жастағы жолаушы жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 ақпанда сағат 16:00-де Кенжекөл ауылының жанындағы автожол көпірінің жанында Павлодар-Ақсу автожолында 30 жастағы «КамАЗ» маркалы автокөлік тағы бір «КамАЗ» маркалы автокөлігімен соқтығысты», – деп хабарлады журналистерге Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствода, сондай-ақ, автокөліктердің бірі облыс орталығына қарай келе жатқанын атап өтті. Апат салдарынан жарақат алған жүк көліктерінің бірінің 36 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Жолаушы мас күйде болған, ал жүргізушілер медициналық куәландыруға сәйкес, сау болған. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар облысының жолдарында көлік қозғалысы шектелген болатын. Кеше облыс трассалары бойынша қозғалыс ашылды.


Соңғы жаңалықтар