Павлодар облысында суға батып кеткен екі баланың денесі іздестірілуде

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өңірде демалыс күндері арнайы шомылуға жабдықталмаған орындарда бес бала суға батып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Бірінші қайғылы жағдай Ақсу қаласында болды», - дейді облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов.

Оның айтуынша, бір отбасынан 2004 және 2008 жылғы екі бала суға кетті.

Балалардың әкесінің айтуынша, олар отбасымен Ертіс өзенінің жағасына демалуға шыққан. Шомылуды мүлдем жоспарламаған. Екі ұлдың кішісі суға аяғын салуға барған кезде тайып кеткен болу керек, судың ағысы баланы алып кеткен. Оны көрген ағасы соңынан жүгірген. Өкінішке орай, бауырын құтқара алмады және өзі де суға кетті. Бірінші күні сүңгуірлер балалардың денелерін таба алмаған.

«Судың ағысы қатты, түбінде жұмыр тастар бар», - дейді Серік Шериязданов.

Оның сөзінше, сүңгуірлердің өзі ілініп қалып, екіншісі көмекке келіп алып шыққан. Бүгінгі күні іздеу жалғасуда. Үш күн белсенді, 7 күн судың бетінде пассивті іздеу жүргізіледі. Ол үшін мемлекет тарапынан қаражат бөлінеді. Дегенмен, ата-аналар сенім білдірмесе, әрі қарай жекеменшік сүңгуірлерді жалдай алады. Осы уақытқа дейін бір адам құтқарылып, 9 адам эвакуацияланған. Сондай-ақ, Кенжекөл ауылына достарына қонаққа келген 2005 жылғы жасөспірім Ертіс өзенінің тармағында судан ажал құшқан.

Сүңгуірлер денесін жағадан 10-15 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен 20 минуттың ішінде алып шықты. Павлодар ауданы Мичурино ауылында қазаншұңқырға батып кеткен 2007 жылғы қыз баланың денесін сол күні сүңгуірлер 10 минуттан соң алты метр тереңдіктен анықтаған.

Павлодарское ауылында кеше түсте арнайы шомылуға жабдықталмаған орында суға кеткен 2006 жылғы баланы сағат 10.55-те тауып алған.

Айта кетерлігі, шомылу маусымы басталғаннан бері 15 адам суға батып кеткен. Оның жетеуі – бала.

Соңғы жаңалықтар