Павлодар облысында суармалы егіншіліктің аумағы 4 есе ұлғаяды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Ақсу ауылында өткізген көшпелі жиын барысында аграрлық қызметкерлерге Республикадағы суармалы егіншілікті дамытудың 5 жылға арналған сынамалы кешенді жоспарын таныстырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Кеңес Евгеньвка ауылдық округінде орналасқан  суармалы егіншіліктің арқасында облыстағы астық көп беретін «Тимур» шаруа қожалығы негізінде өтті.

Бүгін «Тимур» шаруа қожалығы пайдаланатын екі мың гектардың 850 гектар жері суарылуда.

Мұндағы картоп тұрақты түрде бір гектардан 450-500 центнер өнім береді, сәбізден мың центр өнімге дейін барады. 2011 жылы шаруашылық 250 миллион теңгеге көкөніс сақтау қоймасын ашты. Кейінгі екі жыл ішінде қосымша 5 мың тоннаға тоңазытқыш пен сәбізді жуып, жинайтын цех іске қосылды. Бүгінде сақтаудың жалпы сыйымдылығы - 8мың тонна картоп пен 5 мың тонна сәбізді құрайды. Соңғы жеті жыл ішінде шаруашылық өз дамуына шамамен 2,5 миллиард теңге салды.

«Павлодар облысын өнеркәсіптік өңір деп санайды, алайда бізде аграрлық сектор да дамуда. Облыста 1,2 миллион гектар жерге әртүрлі дақылдар егіледі. Мысал ретінде Ертіс ауданының ең жақсы жерлеріне 60 мың гектар астық егетін және Ақсу ауылында мың гектарды суаратын кәсіпорынды айтуға болады. Экономика бірдей. Мұны шаруа қожалықтарының басшылары мен ісін енді бастап келе жатқан фермерлерге түсіндірдік. Біз суармалы егіншіліктің  5 жылға арналған кешенді даму жоспарын жасадық. Бұл Қазақстандағы сынақ жоба болайын деп тұр», - деді Болат Бақауов.

Айта кету керек, Ақсу ауылында суармалы егіншілікті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Бойынан Ертіс пен Белая өзендері ағып өтеді, сондай-ақ Ертіс-Қарағанды каналы бар. 

Соңғы жаңалықтар