Павлодар облысында су тасқыны кезінде 32 елді мекен ерекше бақылауға алынады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында өткен жылдардағы су тасқыны кезіндегі тәжірибеге сүйене отырып, 32 елді мекен мен 42 автомобиль жолы, бір темір жол учаскесі ерекше бақылауға алынған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірлік ТЖД басқармасы бастығының міндетін атқарушы Самат Асайынов мәлім етті.

«32 елді мекенде арналар мен қорғаныс дамбаларын құрудың нәтижесінде Май ауданының Ақсарай және Жансарай елді мекенінде, сондай-ақ 16 ауылда қауіп деңгейі біршама сейілді. Дегенмен, бүгінгі күні ескерту шараларын жүргізбеу салдарынан кейбір елді мекендерде су басу қауіпі сақталуда. Мәселен, Ақсу қаласының Үштерек және Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдарында ешбір шара жүргізілмеген. 1 наурыздан бастап елді мекендер мен қорғаныс дамбаларын тексеру жұмыстары басталады», - дейді Самат Асайынов.null

Департамент ұсынған мәліметке сүйенсек, өңірде жайылымдар суға толған кезде Ақсу қаласы, Ақсу кенті, Ленин кенті, Кенжекөл және Мичурино ауылдарын су басуы мүмкін. Бұл жерлерде топырақтан қорғаныс дамбаларымен қамтамасыз ету арқылы тосқауыл қойылады. Су тасқыны кезеңіне 45,9 мың ыдыс-қап, 34,9 мың тонна инертті материал, 95,5 тонна жанар-жағармай дайындалған және мұзды жару жұмыстарына үш келісімшарт жасалған. Азаматтық қорғаныс қызметімен 1,5 мың адам мен 550 техника, 60 жүзу құралын іске қосу жоспарланған.

«Бүгінгі таңда қар жамылғысы қалың емес», - деді облыс әкімі Болат Бақауов. «Дегенмен, су бұру жұмыстарын дер кезінде жүргізу керек. ШҚО Шүлбі су қоймасынан су жіберілген кезде тығыз байланыс орнату қажет. 25 наурызға дейін су басуы ықтимал елді мекендерде еріген қар суын шығару үшін құралдарды дайындауды тапсырамын. Қар суы басуы мүмкін елді мекендер қардан тазартылуы тиіс».

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, қар жамылғысы шекті деңгейде. Сондықтан су тасқыны кезеңі өткен жылдағыдай өтеді деген болжам бар. Қардың қалыңдығы орташа есеппен алғанда 20 см (2018 жылы - 18 см), қардағы судың қоры 49,1 мм, жауын-шашын мөлшері 47 мм-ді құрайды.

Соңғы жаңалықтар