Павлодар облысында соттың екі ғимаратына «мина қойылғаны» хабарланды

Фото:
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облыстық соты мен Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 14:53-те Павлодар облыстық және Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының электрондық пошталарына ғимараттарға жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хабарлама түскен», - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомство атап өткендей, оқиға орнына дереу барлық шұғыл ден қою күштері жеткен.

«Адамдар эвакуацияланды. Саперлер жұмыс істеп жатыр, ғимараттар тексеріледі», - деп толықтырды органнан.

Еске салсақ, Елорда мен Алматыда 11 ірі нысанға «мина қойған» тұрғын сотталды.


Соңғы жаңалықтар