Павлодар облысында шомылу маусымы аяқталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында құтқарушылар шомылу маусымы аяқталса да, су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін балықшылар мен аңшылармен жұмысты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар облысында шомылу маусымы аяқталып, су айдындарындағы жаппай демалыс орындары ресми жабылды және жағажай жұмысы келесі жылға дейін тоқтады. Алайда, облыстағы су айдынындағы жұмыс қызу жүріп жатыр», - деп хабарлады бүгін Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылардың айтуынша, күз - балық және аң аулаушылардың сүйікті мезгілі. Тәжірибелі балықшылар мен аңшылар күзде балық аулағанды ұнатады.

«Судағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жедел-құтқару жасағының қызметкерлері күн сайын балықшылар отыратын орындарды аралап шығуда. Құтқарушылар су нысандарын патрульдеу кезінде профилактикалық әңгімелесулер жүргізіп, оларға шомылу ережелері, демалыс кезінде суда қауіпсіз жүру және қайықтан балық аулау туралы ескертуде», - деді ТЖД-да. 

Соңғы жаңалықтар