Павлодар облысында шектеуге қарамастан 7 той өткізілген

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Карантин шектеуі күшейтілгеніне қарамастан, өңірде отбасылық іс-шараларды өткізу тоқталмай тұр. Мейрамхана иелерінің арасында жүйелі түрде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзатындары да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облысының санитария-эпидемиология бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты мониторинг тобының жұмысы күшейтілді. Тек соңғы аптада облыста көлемінде 7 рет той өткізу фактісі тіркелді, олардың көпшілігі демалыс күндері болған.

Мәселен, 6 қарашада Екібастұз қаласында «Бәйтерек» мейрамханасында 60 адамға арналған үйлену тойы өткен. 7 қарашада облыс орталығындағы «Саида Плаза» мейрамханасындағы тойға одан да көп қонақ жиналған.

8 қараша күні «Алтын ғасыр» мейрамханасында қонақтар құдалықты атап өткен. «Барыс» мейрамханасында бір уақытта қыз ұзату мен мерейтойатап өтілген.

Барлық факті бойынша жауапты тұлғаларға мониторинг тобының өкілдері тарапынан әкімшілік хаттама толтырды.


Соңғы жаңалықтар