Павлодар облысында шекарадан өтпек болған екі жүргізушіден коронавирус табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысындағы Қазақстан мен Ресей шекарасында тәулік ішінде бес қазақстандық азамат карантин стационарына жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы тәулікте шекарадан 332 адам өткен, соның ішінде 155 жаяу адам мен 177 фура жүргізушісі бар. Карантин стационарына бес қазақстандық азамат жатқызылды. Ауру белгілері жоқ коронавирус инфекциясы екі жаққа тасымал жүргізумен айналысатын екі жүргізушіден анықталды. Олар Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты, шекарадан «Қосақ» бекеті арқылы өтпек болған», - деп хабарлады Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен.

ПТР анықтамасы жоқ Қырғызстан мен Ресейдің төрт азаматына Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Павлодар облысында мемлекеттік шекараның төрт автомобиль пунктінде адамдардың өтуін қадағалау мониторингі жалғастырылып жатыр.

Еске сала кетсек, 12 мамырда эпидемиологтар Павлодар облысындағы мемлекеттік шекарадан өтпек болған Өзбекстан және Қырғызстанның екі азаматын Қазақстанға кіргізген жоқ .


Соңғы жаңалықтар