+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Павлодар облысында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 45 мыңға жуықтады

2020 жылғы 18 мамыр 06:29
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 45 мыңға жуықтады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өңірде 2020 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 682,7 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысының статистика департаменті мәлім етті. - 2019 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2805,9 миллиард теңгені және 2018 жылғы сәйкес кезіңімен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады. 2020 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 73,5 миллиард теңгеге жетті. Инвестициялардың негізгі көзі меншікті қаражат болып табылады – 53 миллиард теңге немесе жалпы инвестиция көлемінің 72 пайызын құрайды. Сондай-ақ 2020 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 682,7 млрд теңгені құрады. Ал, 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі бөлшек сауда көлемі 102,1 миллиард теңгені құраса, көтерме сауда тауар айналымының көлемі 106,4 миллиард теңгені құрады.
- 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыстың бизнес құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 44983-ке жетті немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,2 пайызды құрады. Оның ішінде 10216 – шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 106 – орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 31380 – жеке кәсіпкерлер, 3281 шаруа немесе фермерлік қожалықтар, - деді департаментте.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT