+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Павлодар облысында шағын индустриалды аймақтар құрылады

2019 жылғы 26 тамыз 14:58
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында шағын индустриалды аймақтар құрылады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Инвесторлар үйінде» өткен кеңейтілген отырыста аймақ басшысы Болат Бақауов жергілікті жерлерде шағын индустриялық аймақтар құру бойынша әкімдердің әлсіз жұмысын атап өтіп, мәселені жыл соңына дейін шешуді тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Өткен жұмада индустриалды даму, шағын және орта бизнес мәселелері бойынша алқа мәжілісі өтті.

Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров атап өткендей, биыл Павлодар облысында үш ірі жоба жүзеге асырылады. Бұл «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның №5 энергоблоғын іске қосу, «Богатырь Инвест» ЖШС-да темір-бетон бұйымдарын дайындауды қолға алу және «Павлодар өзен порты» АҚ-да құм блогы өндірісін енгізу.


Сонымен қатар, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында жаңа кәсіпорындар салу жұмыстары жүргізілуде. Инвесторларды қолдау мақсатында АЭА аумағында инфрақұрылым тартылуда.


«Биылғы жылы арнайы экономикалық аймақта инженерлік коммуникациялардың құрылысына 2,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл, инфрақұрылымға қатысты барлық мәселелерді жабуға мүмкіндік береді. Жалпы, соңғы уақытта АЭА-да жұмыс жолға қойылды. Инвесторлармен белсенді жұмыс істеу қажет «, - деді Павлодар облысының әкімі.


Сондай-ақ, Болат Бақауов әкімдерге әр қала мен ауданда инвесторларды тарту үшін шағын индустриялық аймақтар құру туралы тапсырма берді. Аймақ басшысы билік жұмысының басты міндеті кәсіпкерлікті дамыту және шағын және орта бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылатынын еске салды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT