Павлодар облысында полиция жалға берілетін пәтерлерді тексеріп жатыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өңірде төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері тәртіп сақшылары 1 555 адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құқық қорғау органдарының кәсіби және жедел іс-әрекеттерінің арқасында ең белсенді құқық бұзушылар қамауға алынған барлық бейнежазбалар зерттелді. Әрқайсысына қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында іс қозғалды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, шектеу шараларына қарамастан, аймақ тұрғындары коменданттық сағат пен төтенше жағдай талаптарын бұзған. Тәртіп сақшылары 1 555 адамды ұстады: 870 бейбіт митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде 327 тәртіп бұзушы 15 тәулікке дейін қамауға алынды, ұсталғандардың барлығы Павлодар қаласындағы арнайы мекемелерге орналастырылды.

288 адамға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Тікелей коменданттық сағатты бұзғаны үшін 685 адам мен 349 автокөлік ұсталды. Ұсталғандарға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Көліктер айыппұл тұрағына қойылды.

«5 қаңтардан бастап полиция департаментінің жеке құрамы 100% қызметтің ерекше режимінде жұмыс істеуде. Бақылау-өткізу бекеттері орнатылған, облысқа кіру-шығу шектелген. Бақылау бекеттері арқылы 25046 көлік, 44 974 адам өтті. Қозғалуға рұқсат болмағандықтан 372 көлік пен 876 азаматқа кіруге және шығуға тыйым салынған», деп атап өтті ведомство.

Тәртіп сақшылары жалға берілген пәтерлерді тексеріп жатыр. Полицияның мәліметінше, Павлодарда мұндай пәтерлер саны 564. Оның 527-сі тексерілді. Нәтижесінде тұрғын үйді жалға алушылар және иелері туралы толық ақпарат алынды.


Соңғы жаңалықтар