Павлодар облысында Полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар