Павлодар облысында өсімдік шаруашылығына 3,1 мрд теңге субсидия бөлінді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Павлодар облысына егін егу үшін 3,1 миллиард теңге субсидия бөлінді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің бас маманы Байболат Рахымжанов мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Былтырғы жылы өсімдік шаруашылығына 3,5 миллиард теңге бөлінген болатын. Алдағы уақытта да субсидия көлемі азая береді. Өйткені қаражат несиелеу, пайыздық үстеме сынды басқа бағыттарға жіберілуде. Дихандарға қаржы бес бағдарлама бойынша - көктемгі егіске қажетті заттардың құнын арзандату, гербицид, минералды тыңайтқыштар сатып алу, су ақысы және тұқым шаруашылығына ұсынылады, деді Байболат Рахымжанов.

Бас маманның айтуынша, «Минералды тыңайтқыштар» бағдарламасы бойынша субсидияға өтініштер электронды түрде қабылданып жатыр. Өзге бағдарламалар осы жылдың ішінде электронды нұсқаға көшіріледі.

Айта кетейік, биыл «Көктемгі егіске қажетті заттардың құнын арзандату» бағдарламасы бойынша облыста жеңілдетілген бағамен 16 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, 100 пайыз таратылды. 

Соңғы жаңалықтар