Павлодар облысында оқушылар аралас форматта білім алады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бүгін өз күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар облысының аумағында карантин шаралары туралы» 25 ақпандағы қаулыға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 3 наурыздан бастап қала және 300 оқушыға дейін оқытатын ауылдық мектептерде сыныптарда 15 оқушыға дейінгі оқытуды дәстүрлі форматта, жалпы білім беретін мектептердегі 1-5 сынып оқушыларын ата-анасының өтініші бойынша аралас оқытуға рұқсат берілсін», - деп мәлімдеді Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Батырбек Әлиев үшінші наурыздағы № 5 қаулысында.

Жаңа құжатта сондай-ақ бітіруші сыныптар (тоғызыншы, он бірінші (он екінші) сыныптардың алты күн бойы аралас оқытылуын қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар