Павлодар облысында өгіз иесін сүзіп өлтірді

None
None
АҚСУ. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға Ақсу қаласына қарасты Ақжол ауылында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 11 қыркүйекте таңғы сағат 8.00-де бордақылауда тұрған өгіз босанып кетіп, ауылдың табынына барып қосылған.

«Малды үйге қайтарамын деген иесі оның соңынан жүгірген. Асыл тұқымды өгіз иесін жаралап, салдарынан 62 жастағы ер адам қайтыс болды. Ұзаққа жоғалып кеткен әкесінің денесін ұлы тапқан», - деп хабарлайды полицейлер.

Аталған факті тіркеліп, сараптама тағайындалды.



Соңғы жаңалықтар