Павлодар облысында мектеп пен әкімшілік ғимараттың шатырын жел ұшырып әкетті

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат –Павлодар облысында жел мектеп пен үйдің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.

8 наурыз күнгі жылдамдығы 27 м/с дейінгі екпінді желдің салдарынан 2 елді мекенде шатырдың құлауы орын алған.

Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылындағы мектептің шатыры ішінара бұзылып, 51 ш. м. көлемдегі шатырын жел ұшырып кеткен.

Сонымен қатар Павлодар қаласы Катаев көшесі 18 мекенжайындағы 4 қабатты әкімшілік ғимараттың 1440 шаршы метр көлемінде шатыры құлаған.

«Бұнда шатырдың соңғы жөндеу жұмыстары 1980 жылы жүргізілген. 2022 жылғы жөндеу жұмысы аяқталмаған», - деді департаментте.

Соңғы жаңалықтар