Павлодар облысында мектеп оқушыларының неден уланғаны тексеріліп жатыр

Фото:
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Шарбақты ауданында он шақты оқушы асханада уланып қалды. Төртеуі Павлодарға ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2 орта мектебінің оқушыларының уланып қалған туралы алғашқы шұғыл хабар 9 қыркүйекте таңғы тоғызда түскен. Шарбақты ауруханасының қызметкерлері санэпидемиологтарға балалардың тамақтан улануы мүмкін екенін айтқан. Төртеуі күндізгі сағат үште медициналық көмекке жүгінді. Олардың барлығы - жалпы білім беру мектебінің оқушылары.

«Сол күні сағат 20:40-та осы мектеп оқушысынан соңғы шұғыл хабарлама түсті. Балалар құсу, іштің ауыруы, диарея мен дене температурасының 39 градусқа дейін көтерілуіне шағымданды. Тоғыз баланың ішіндегі ең кішісі дайындық сыныбының оқушысы, ең үлкені – тоғыз сынып оқушысы», - деп хабарлады облыстық санэпидбақылау басқармасынан.

Шарбақты аудандық ауруханасының бас дәрігері Алмаз Мекишевтің айтуынша, бес адамға қабылдау бөлімінде көмек көрсетіліп, амбулаторлық емделуге жіберілді. Төрт бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

Санэпидемиологтардың болжамынша, оқушылар мектеп асханасында улануы мүмкін, өйткені олардың бәрі сол жерде тамақтанған. Дегенмен мұндай болжам әлі расталған жоқ.

«Эпидемиологиялық тексеру барысында 7 және 8 қыркүйекте балалар рожки, котлеттер, қарақұмық, қызылша жеп, алма шырыны мен компот ішкені анықталды. Олармен үйде байланыста болған адамдардың барлығы аман», – деді облыстық санэпидбақылау басқармасынан.

Мамандар №2 мектеп асханасында жоспардан тыс тексеру бастады, оның ішінде қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік қызметкерлерін тексереді. Ауызсу мен өнімдерге талдау жасалады. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері әлі дайын емес. Бірақ №2 мектеп аспазының жұмысқа рұқсатының болмауы, тәуліктік сынамаларды сақтау шарттарының бұзылуы сияқты бірнеше заңбұзушылық тіркелді.

Сонымен қатар, ауруханаға жатқызылған балаларда ShigellaSonne тектес бактериялар анықталды. Олар тамақтан улануы мүмкін екенін көрсетеді.
№2 мектепте тамақтан уланудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.





Фото: pavlodarnews.kz
Соңғы жаңалықтар