Павлодар облысында майнингтік компанияда өрт шықты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында майнингтік компанияда өрт шықты. Жалын тілі 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Майнинг жабдықтары және қабырға қаптамасы жанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 сәуір күні сағат 15:01-де Екібастұз аймағындағы Солнечный ауылында «BTC-KZ» ЖШС-дегі (№2 арнайы мамандандырылған өрт бөлімшесінен 40 шақырым жерде) өрт туралы хабар түсті. Майнингтік компания аумағында майнингке арналған жабдықтардың және қабырға қаптамасының тұтануы 150 шаршы шақырым жерді алды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі кәсіпорындағы өрттің сағат 17:35-те сөндірілгенін айтты. Болған оқиғаның себебі мен келтірген залалы анықталып жатыр.

«Өртті ауыздықтауға CҚО ТЖД-нің жеке құрамының 14 қызметкері мен үш техникасы тартылды», - деп қосты департаменттен.


Соңғы жаңалықтар