Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамалған шенеунік басшылық тарапынан қатаң сөгіс алатын болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының қазынашылық департаменті Май аудандық басқармасының басшысы Б.Тасболатов көлік жүргізуге құқығы жоқтығына қарамастан, Май ауданы Көктөбе ауылында мас күйінде «Chevrolet Niva» қызметтік көлігінің рөліне отырған.

2015 жылғы 22 қазандағы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс бойынша Май аудандық сотының қаулысымен Б.Тасболатов ҚР Кодексінің 608-бабы, 6-бөлімі (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы) бойынша айыпты деп танылды. Ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жемқорлыққа қарсы ведомствоның тәртіптік кеңесі сот қаулысы мен іс материалдарын зерттеп, Б.Тасболатовқа қатаң сөгіс түріндегі жаза қолдану туралы ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасына ұсыныс жасау жөнінде шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар