+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Павлодар облысында құрамында радон бар шипалы көлдер анықталуда

2019 жылғы 15 қаңтар 22:49
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында құрамында радон бар шипалы көлдер анықталуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында туризм саласы үшін радон көздерін пайдалану көзделіп отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген аппараттық жиында өңірлік кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Дастан Рыспеков мәлім етті.

- Туризм саласы үшін серпін беретін тың жобалардың бірі - радон көздері, - дейді Дастан Рыспеков. - Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы кентінде орналасқан радон көздерінің аналогы бойынша минералды суды пайдалану адам ағзасына оң әсер етеді. Осы жоба аясында қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне ыстық көздердің бар-жоғын анықтау бойынша хат жолданған. Нәтижесінде Железин ауданының Михайловск ауылындағы Чалдук көлінде және Успен ауданының Темирязево ауылында бар болып шықты.

Басқарма басшысы Железин ауданында өздігінен ағып жатқан ұңғыма ауданның Әділет басқармасында 2018 жылы 31 желтоқсанда иесіз ретінде тіркелгенін атап өтті.

- Бұл көл географиялық картада көрсетілмеген, - дейді Дастан Рыспеков. - Бір жыл өткеннен кейін меншік иесі жоқ деп тану үшін құжаттар сотқа жіберіледі. Бұл көздер емдік-сауықтыру туризмі үшін жаңа бағыт болады. Осы бағытта орынды анықтау, көлдің температурасы мен емдік қасиеті туралы ақпарат жинау, зерттеу жүргізу бойынша жұмыс жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, жер қойнауынан 37 градус болып шығатын судың адам ағзасына берер пайдасы мол. Түрлі бөртпелер мен қышыма ауруларға, буын, созылмалы, қан қысымының көтерілуін емдейді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT