Павлодар облысында куәлігінен айырылған жүргізуші көлігімен аударылып қалды

None
None
ПАВЛОДАР. КАЗИНФОРМ – Көлік жылдамдығын асырған жүргізуші бағанаға соғылып, көлігімен аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полицияға Успен көпірі жағында жол-көлік апаты болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері Volkswagen Passat көлігін мініп алған жүргізуші Павлодар қаласында Павлодар-Успенка күре жолына қарай келе жатып, жылдамдықты асырып, жарық бағанасына соғылғанын айнықтады. Қозғалысты ары қарай жалғастырмақ болып, ол көлігімен аударылып қалған. «Көліктің ішінде Павлодар қаласының 1964 және 1986 жылғы тұрғындары отырған. Олар жол-көлік апаты кезінде көлікті жүргізбегенін айтты. Екеуі де жарақат алды», - деп хабарлады полициядан.

Бұл ретте олардың бірі, көліктің иесі болып шыққан павлодарлық 56 жастағы ер адамның көлік жүргізу құқығынан бұрын айырылғаны белгілі болды. Тергеу барысында жол-көлік апаты кезінде көлікті өзі жүргізгені анықталған. Ер адам Павлодар қаласының уақытша оқшаулағышына қамалды. Аталған фактімен ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлімімен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар