Павлодар облысында көпір өткеліндегі жол апатынан 4 адам зардап шекті

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында көпір өткелінде жол апаты болып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 28 шілде күні Ақсу қаласына баратын бағыттағы көпір өткелінде болған.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, жол апаты туралы хабарлама сағат 22.38-де түскен. Автокөліктердің соқтығысуы салдарынан 4 адам зардап шеккен. «43 жастағы әйел мен 67 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен және сынықтармен № 1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді. 32 жастағы әйел мен 71 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартты», - деді станцияда.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, 43 жастағы әйелде жабық бассүйек-ми жарақаты, іш қуысының жарақаты, сынықтар, үшінші дәрежедегі травматикалық шок тіркелді. Жағдайы ауыр деп бағалануда, жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
67 жастағы ер адамда да жабық бассүйек-ми жарақаты, миының шайқалуы мен түрлі жарақаттар анықталды. Нейрохирургия бөліміне орналастырылған. Жағдайы орташа ауыр.


Фото: Константин Шелков


Соңғы жаңалықтар