Павлодар облысында кондитерлік өнімдер таситын жүк көлігі аударылып қалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жол-көлік оқиғасы көктайғақ салдарынан болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 желтоқсанда 05:00-де Успенск ауданының аумағында, Лозовое елді мекеніне жақын маңда республикалық маңызы бар Павлодар - Успенка – РФ шекарасы тасжолының 127 шақырымында көктайғақ салдарынан жүк көлігі жыраға түсіп, бір бүйірімен аударылып қалды. РФ мемлекеттік нөмірі бар MAN маркалы жүк көлігі «Новосибирск – Павлодар» бағытымен кетіп бара жатқан. Ол кондитерлік өнімдерді жеткізуі тиіс болған.

Екі жүргізуші – Қазақстан азаматтары Лозовое ауылындағы жылыту бекетіне эвакуацияланды. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес», - деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД Кризистік жағдайлар басқармасының бастығы Асқарбек Омаров.

«Оқиға орнына Успенск аудандық ТЖБ пен әкімдік өкілі барды»,- деді ол.

ТЖ қызметкерлері Павлодар облысының тұрғындарынан ауа райына байланысты ескерту жарияланғаннан кейін жолға шықпауларын өтініп сұрайды.

«Павлодар облысында 5 желтоқсан сағат 23.30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) Павлодар-Шарбақты республикалық маңызы бар тасжолдың 7-112 шақырым учаскесінде Павлодардан Ресей Федерациясының шекарасына дейін барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. 6 желтоқсанда, 09.00-де жол ашылды», - деп атап өтті А. Омаров.

Автор:

Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар