Павлодар облысында коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қаңтарынан Павлодар облысында тарифтер төмендейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәлім етті.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыс орталығында жылумен қамтамасыз ету тарифі орташа есеппен алғанда 7 пайызға төмендейді. Ал электр энергиясымен қамтамасыз ету тарифі 3,1 пайызға төмен болады», - деді облыс әкімі.

Оның сөзіне қарағанда, сумен қамтамасыз ету бағытында да тариф құны 9,4 пайызға азайтылмақ.

«Атап айтқанда, еліміз бойынша салыстырғанда сумен қамтамасыз ету тарифтерінің құны ең төмен өңірлердің біріміз. Осындай жұмыстар Екібастұз және Ақсу қалаларында да жүргізілді. Бұл жерлерде тарифтің төмендеуі 1-ден 8,5 пайызға дейін жетеді», - деді Болат Бақауов.

Естеріңізге сала кектейік, жақында Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  коммуналдық қызметтерге тарифтерді заңсыз өсірген табиғи монополиялар субъектілерін жазалауды талап етті.

Сонымен қатар Президент Қазақстанда электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар