Павлодар облысында көмір бағасы арзандады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  Облыс әкімдігі «Майкөбен-Вест» ЖШС және «Богатырь Көмір» ЖШС разрездерімен халық үшін негізгі сатушыларға көмірді бірінші кезекте босату жөнінде келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Жолдауын орындау аясында облыста алыпсатарлықтың, көмірдің заңсыз айналымының алдын алу және оның құнын төмендету бойынша жұмыс тобы құрылды.

«Аталған жұмыс тобы тұрақты түрде апатты сауданы жою және оның сапасын сақтау мақсатында көмірді сатудың рұқсат етілмеген нүктелерін аралауда», - дейді  облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Талғат Испулов.

 Жұмыс басталғаннан бері арнайы топ көмір сатудың 4 нүктесіне барған.  Нәтижесінде 1 стихиялық сауда орны анықталып, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБК 204-бабы бойынша 3 әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, Южная стансасы, 38 мекенжайында орналасқан көмір сату нүктесінде сатылған «Майкөбе»  көмірінің орнына сапасы  және құны төмен «Гамма Сарыкөл» көмірін сататын нүкте жабылды.   Бүгінгі күні ресми өткізушілер тарапынан көмір құнының төмендеуі байқалады. Осылайша, ағымдағы жылдың 29 қарашасынан бастап «Элит KZ» ЖШС» теміржол тұйығында «Майкөбе»  көмірінің бір тоннасының құны 8,3%-ға (12000 теңгеден 11000 теңгеге дейін) және «Шұбаркөл» көмірінің құны 5,8%-ға (17000 теңгеден 16000 теңгеге дейін) арзандады. Алдағы уақытта жыл соңына дейін көмірдің құнын біршама төмендету жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар