Павлодар облысында комендаттық сағатты бұзған 479 адам ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында арнайы рұқсаты болмаған 417 автокөлік пен 1 044 адамға блокпосттан өтуге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық тәртіпті, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды мемлекеттік стратегиялық нысандарды қорғау күшейтілді. Қаладан шығатын жолдарды полиция қызметкерлері күзетуде», - деп мәлімдеді Павлодар облысының коменданты Нұрлан Мәсімов.

Оның айтуынша, шектеу шараларына қарамастан азаматтар комендаттық сағатты бұзып жатыр.

«Комендаттық сағат кезінде сыртта жүрген 479 азамат пен 242 автокөлік анықталды. Олардың әрқайсысына қатысты төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Аталған бап бойынша тәртіп бұзушыларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады», - деді Н. Мәсімов.

Материалдар сотқа жіберілді. Көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Блокпост арқылы 18 670 автокөлік, 30 725 адам өткен. Арнайы рұқсаты болмаған 417 автокөлік пен 1 044 азаматқа қаладан кіріп-шығуға тыйым салынды.

«Павлодар облысының комендатурасы төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын ұстанып, аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауға, арандатушылыққа сенбеуге және ақпаратты тек ресми дереккөздерден оқуға шақырады», - деді Павлодар облысының коменданты Нұрлан Мәсімов.

Авторы: Антон Гагарин


Соңғы жаңалықтар