Павлодар облысында коменданттық сағатты бұзған 800-ден астам азамат ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында құқық қорғау органдарының кәсіби және жедел іс-қимылдарының арқасында барлық бейнежазбалар зерттеліп, ең белсенді құқық бұзушылар қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың әрқайсысына қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында іс қозғалды.
- Полиция коменданттық сағатты бұзғаны үшін 811 азамат пен 349 көлікті ұстады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа жолданды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды. Шектеу шараларына қарамастан, бұзушылықтар орын алды. Қазақстан Республикасының бейбіт митингілер ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін 909 азамат ұсталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 488-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 8-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалған 8 шетелдік азамат Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Сондай-ақ сот қаулысымен 345 адам 15 тәулікке дейін қамауға алынды. 288 бұзушыға әрқайсысына 30 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Блок бекеттер арқылы 25046 автокөлік, оның ішінде 44974 адам өткен жүріп-тұруына және шығуына рұқсат берілмегені үшін 645 автокөлік пен 1402 азамат өткізілмеген.
Соңғы жаңалықтар