Павлодар облысында көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жол апаты салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты. Қайғылы оқиға Павлодар – Қызылорда автожолында орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шідерті кентінің жанында 48 жастағы «Hyundai Santa Fe» автокөлігінің жүргізушісі 60 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
- Ол жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - деді баспасөз қызметінде.

Полиция көліктің арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 615 ЖКО тіркелген, салдарынан 53 адам қаза тауып, 898 адам жарақат алған.


Соңғы жаңалықтар