Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы Екібастұз-Солнечный кенті автожолының 22 шақырымында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

- 19 шілде күні сағат 00.30-да Екібастұздың 32 жастағы тұрғыны «Ауди-80» автокөлігімен жыраға аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды. 33 жастағы жолаушы жарақатымен Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді. Тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалды, - деді облыстық полиция департаментінде.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1987 жылы туған әйелге «қаңқа-бас сүйек жарақаты, бастың бір бөлігінің скальпирленген жарақаты, сол қолдың сыртқы бетінің көгерген жарасы» диагнозы қойылған. Ол Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар