Павлодар облысында көлік апатынан бір адам қаза тапты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Кеше, 1 қазанда Ленин-Курчатов автожолының 20 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен.

«34 жастағы lifan x50 автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, 1994 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы lada 21715 автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «lada» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Осы көліктегі 2003 жылы туған жолаушы және «lifan» автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады департаментте. Ведомствода аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар