Павлодар облысында қоқыс жәшігінің жанынан сәбидің денесі табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Полиция табыған нәрестенің анасын анықтады. Оның денесі Павлодар облысы Ақсу қаласында қоқыс төгетін орынның маңынан табылған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«2018 жылдың 21 қазанында Ақсу қаласында жаңа туған нәрестенің денесінің табылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полиция жаңа туған сәбидің анасын анықтады, деп атап өтті ІІД-де.

«Осы іс бойынша сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді ведомство.

Соңғы жаңалықтар