Павлодар облысында көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары басталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін аймақ басшысы Қанат Бозымбаев өткізген төтенше жағдайлар бойынша облыстық комиссияның отырысында Павлодар облысының ТЖ департаментінің бастығы Әлібек Ділімов көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары туралы есеп берді.

Ол өңір аумағында жүргізілген көптеген байқаулар мен мониторингтің нәтижесінде су тасқыны кезінде ең осал 14 елді мекеннің анықталғанын атап өтті. Осы ауылдардағы тасқынның өту кезеңі әкімдіктер, сондай-ақ ТЖ-дың облыстық және аудандық қызметтерімен ерекше бақылауға алынады.

Елді мекендерді су басуын болдырмау үшін коммуналдық қызметтер 644 мыңнан астам тонна қарды шығарып тастады. Қарды жинауға арнайы техниканың 546 бірлігі мен 805 адам жұмылдырылған. Төтенше жағдайлардың туындауы жағдайында қалалар мен аудан әкімдіктері 91,4 мың дана ыдыс-қаптар, 12,2 мың тонна көлеміндегі инертті материал қорларын жинақтады. Автомобиль жолдары учаскелерін сумен шайылуын болдырмау және көліктердің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жол қызметтері мыңнан астам су өткізуші құбырларын тазалау жұмыстарын жүргізу үстінде.

Облыс аумағында егер ондай жағдайлар орын алса, су деңгейінің көтерілуі салдарын жою үшін 1211 адам, 454 техника бірлігі және жүзу құралдарының 43 бірлігі жұмылдырылмақ.

Соңғы жаңалықтар